02.03.2026, 10:50

Каспийдің құрғаған табаны Атырауды тұзды тұманға көмді

Фото: видеодан скрин

Атырауды басқан тұзды тұман Каспийдің шегінуі - алыс болашақтың емес, бүгінгі күннің шындығы екенін тағы бір мәрте көрсетті.  

Атырау үшінші күн қатарынан шаңды тұманның құрсауында. Бұл - жай ғана ауа райының құбылысы емес, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуінің нақты салдары. Жел күшейген кезде бұрын су астында жатқан құрғаған теңіз табанынан ұсақ шаң, тұз бен минералды шөгінділер көтеріліп, қала үстін қаптайды. Жел екпіні секундына 10-13 метрге жеткенде, кепкен қабат аэрозольді қоспаның көзіне айналады. Соның әсерінен ауада ақшыл, қою тұман пайда болады. Қала тұрғындары маска тағып, бет-аузын жабуға мәжбүр. Ресми мәліметке сәйкес, ауа сапасын бақылау станциялары ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерден асуын тіркемеген. Алайда тұрғындардың сезінуі мен көзбен көрген көрінісі жағдайдың оңай емес екенін аңғартады. Атырауды басқан тұзды тұман Каспийдің шегінуі - алыс болашақтың емес, бүгінгі күннің шындығы екенін тағы бір мәрте көрсетті. Видео @aigakmedia

Тегтер: Каспий Атырау