Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.
Ақмола облысы Жібек жолы ауылындағы жантүршігерлік қылмысқа қатысты тың дерек белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл аса ауыр санаттағы қылмыс – адам өлтіру. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Сот санкциясымен ол қамауға алынды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер алдын ала тергеудің нақты деректеріне жатады. Сонымен қатар қосымша тергеу шаралары да жалғасуда, оның ішінде оқиға орнында да жұмыстар жүргізілуде, - деп жауап берші ІІМ орынбасары Сенаттың кулуарында.
Айтуынша, қазір ол жерде тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Негізгі тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін, нәтижелері бойынша Ақмола облысының Полиция департаменті арқылы қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Айта кетерлігі, күдікті бұған дейін де сотталған. Ол соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы үшінші тәулік қатарынан жұмыс істеуде, - деді Санжар Әділов.