$ 493.85  571.78  6.25

«Бадықовалар елді тупой қылып бітті»: Журналист отандық фильмдерді сынады

Оның айтуынша, соңғы жылдары түсіріліп жатқан кейбір отандық фильмдер көңілінен шықпайды.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Журналист Азамат Әбілқайыр әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық кино туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, соңғы жылдары түсіріліп жатқан кейбір отандық фильмдер көңілінен шықпайды.

“Отандық киноларға барғым келмейді. Қарапайым кадр алуды білмейді біздің “комейдшниктер”. Құдай кешірсін, Бадықовалар елді тупой қылып бітті. Тобыр! Ренжімесін”, - деді ол.

Соған қарамастан журналист бұл жолы актерлер Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалинаның қатысуымен түсірілген «Мамаға» фильміне арнайы барғанын айтты. Оның сөзінше, фильмнің тақырыбы ерекше әсер қалдырған.

“Ал Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалинаның түсірген “Мамаға” бардым. Неге? Себебі осыған дейін Әз-ағаң “Бір сен үшін” деген фильм түсірген. Тақырыбы ұнаған: суррогат ана тағдыры. Хайп қумаған өте жақсы туынды. Бұл жолы да көрерменге деген сол адалдықтан айнымапты. Операторлық жұмыс та қатты ұнады. Барыңыздаршы. Дұрыс дүние көріңіздерші”, - деп жазды журналист. 

Желі қолданушылары да жазба астында түрлі пікір қалдырып, қазақстандық киноның сапасы мен жаңа туындылар туралы талқылау жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0