$ 493.85  571.78  6.25

Қазақстанның Халық әртісі дүниеден өтті

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның Халық әртісі, "Құрмет" орденінің иегері, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Людмила Николаевна Турпаян-Ванюкова өмірден озды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. 

"Людмила Николаевна өмірін театр мен отандық мәдениетке арнаған. Шығармашылық қызметі барысында ол 150-ден астам есте қаларлық рөлдер жасап, көрермендердің шынайы сүйіспеншілігі мен әріптестерінің құрметіне ие болды. Оның таланты, өнерге адалдығы және жоғары кәсібилігі Қазақстан театр өнерінің дамуына айтарлықтай үлес қалдырды.

Людмила Николаевна жайлы жарқын естеліктер оның шәкірттері, әріптестері және көптеген жанкүйерлерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

Министрлік туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0