11.03.2026, 15:00

Иран АҚШ-қа 3 талап қойып отыр

middleeasteye.net/ AFP

Иран Ислам республикасы атысты тоқтатуға қатысты делдалдық бастамаларды қабылдамай отыр.

Иран америкалық тараппен келіссөздерді қайта бастау үшін бірқатар шарт қойды. Тиісті ақпаратты Al Mayadeen телеарнасы таратты. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Иран Ислам республикасы атысты тоқтатуға қатысты делдалдық бастамаларды қабылдамай отыр. Олар дипломатиялық процесті қайта бастау үшін АҚШ-тан нақты кепілдіктер сұрады.

Al Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, Тегеран Вашингтоннан болашақта шабуыл жасамауға кепілдік беруді, өтемақы төлеуді, сонымен қатар елдің атом энергетикасы нысандарында толық ядролық отын циклін жүзеге асыру құқығын мойындауды талап етті.

Сарапшылардың айтуынша, ұсынылып отырған шарттар екі ел арасындағы тікелей келіссөздердің басталуын айтарлықтай қиындатуы мүмкін. Бұл ретте өтемақы төлеу және алдағы уақытта соққы жасамауға қатысты заңнамалық кепілдіктер мәселесі халықаралық тәжірибеде өте күрделі болып саналады. Десек те, мұндай мәлімдемелер Тегеранның келіссөздердегі ұстанымын арттыруға бағытталған дипломатиялық стратегияның бір бөлігі болуы да мүмкін. Вашингтон тарапынан бұл шарттарға қатысты ресми түсініктеме әзір берілген жоқ. Сол себепті оқиғалардың әрі қарай қалай өрбитіні белгісіз.