$ 491.59  572.16  6.24

Ақтаудағы түзету мекемесінде жаттықтырушы ерекше баланы аяусыз ұрған

Бұл мекеме – жекеменшік орталық.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақтауда әйел оңалту орталығында жаттықтырушының ерекше балансын ұратынын білген. Ол бейнекамераға түсіп қалған жазбадан орталық қызметкерлерінің балаға күш көрсетіп, ұрып-соғып, мазақ еткенін көрген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Раиса Маратқызы баласының денесінен бірнеше рет көгерген іздерді байқаған. Кейін бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап көрмек ьолған. Оның сөзінше, бейнежазбадан жаттықтырушылардың балаға күш көрсеткенін көруге болады. 

10 наурыз күні балаға күш көрсетті деген ақпарат тараған соң өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл, білім басқармасының балалар құқықтары бөлімі басшысы және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Ақтаудың 17-шағынауданында орналасқан “Victory-a” аутизм орталығына барған.

“Бұл мекеме – жекеменшік орталық. Онда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізіледі, алайда орталық мемлекеттік қаржыландыру алмайды”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық білім басқармасы.

Тексеру барысында орталықтың маңдайшасы алынып тасталғаны, ал мекеменің өзі жабық екені анықталды. Басшысының айтуынша, ұйымның жұмысы уақытша тоқтатылды.

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу деректеріне сәйкес, бейімделген дене шынықтыру жаттықтырушысы кәмелетке толмаған балаға күш қолданып, өрескел құқық бұзушылық жасаған” , – деп хабарлады полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0