13.03.2026, 11:00

Польшада Қазақстан азаматының мәйіті табылды

Фото: Екатерина Шилованың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бұл мәселе министрліктің бақылауында.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың қаза болғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл мәселе министрліктің бақылауында.

— Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі қаза тапқан азаматтың жақындарымен, сондай-ақ Польша жағының құзыретті органдарымен байланыста. Барлық консулдық-құқықтық мәселе бойынша, соның ішінде Екатерина Шилованың денесін елге қайтару бойынша қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Бұл мәселе министрліктің бақылауында, — делінген СІМ ресми жауабында.

Екатерина Шилова Варшавадан Астанаға ұшып шығуы тиіс еді, алайда белгісіз себептермен ұшаққа отырмаған. Содан бері жақындары онымен байланысқа шыға алмай, дабыл қаққан болатын.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігі бұған дейін бұл істі бақылауына алған еді.