Полицияда бұл іс ПД басшылығы мен прокуратура органдарының бақылауында екенін атап өтті.
Батыс Қазақстан облысында полиция 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен шенеунікті ұстады, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
БҚО Полиция департаменті ресми сауалға жауап ретінде күдікті шенеуніктің ұсталғанын хабарлады.
"БАҚ-та кәмелетке толмаған қыздың әкесінің айтқан уәждерінің таралуына байланысты қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданғанын хабарлаймыз. Баяндалған қосымша мәлімет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тексерілді. Күдікті қамауға алынды", – делінген жауапта.
Полицияда бұл іс ПД басшылығы мен прокуратура органдарының бақылауында екенін атап өтті.
"Қорытынды тұжырымдар соталды тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жасалады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – деп түйіндеді жауапта.