$ 491.29  562.92  6.1

Астанада ер адам фельдшерді сабаған (ВИДЕО)

Жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшерін ұрған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған. Онда мас күйде болған екі ер адамның бірі өзін жайсыз сезінгенін айтқан.

Медициналық қызметкерлер қажетті тексеру мен көмекті көрсеткеннен кейін оқиға орнынан кетуге дайындалған кезде ер адамдардың бірі агрессивті әрекет танытып, фельдшерге соққы жасаған.

Оқиға куәгерлері полиция қызметкерлерін шақырған.

"Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық қызметкерге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.

Айта кетері, Қазақстанда медициналық қызметкерге, сондай-ақ қызметтік міндетін атқарып жүрген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты қорқыту немесе күш қолдану үшін жауапкершілік күшейтілді.

7 наурызда ҚР Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы күшіне енді. Аталған бап бойынша айыппұлдан бастап, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0