Жергілікті билік тарапынан тұрғын үйлердің айналасын тексеру, қауіпті жәндіктерге қарсы өңдеу жұмыстары неге жүйелі жүргізілмейді деген сұрақ туындайды.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылында тұрғын үйдің еденінің астынан бірден 16 жылан табылған. Оқиға жеке үйлердің бірінде болған. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, құтқарушылар жеткенге дейін үй иесі жыландарды өз күшімен ұстап алған.
Белгілі болғандай, үйде алты адам тұрады, олардың төртеуі — балалар. Мұндай жағдайда тұрғындардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіліп отырғаны түсініксіз. Ауыл тұрғындары бұл аймақта жыланның жиі шығатынын айтып, алдын алу жұмыстары жүргізілмейтінін алға тартады.
Жергілікті билік тарапынан тұрғын үйлердің айналасын тексеру, қауіпті жәндіктерге қарсы өңдеу жұмыстары неге жүйелі жүргізілмейді деген сұрақ туындайды. Балалар тұратын үйдің астынан ондаған жылан шығуы бақылаудың әлсіз екенін көрсетеді.