$ 472.31  543.72  5.86

Ақтөбеде ота жасатқан ер адамның мойнында дәке қалып кеткен

Әлеуметтік желілерде ер адамның тамағындағы тесіктен дәке алып жатқан сәті түсірілген видео жарияланды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбеде операция жасатқан ер адамның тамағында дәке қалып кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осыдан үш жыл бұрын болған жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді. 
Әлеуметтік желілерде ер адамның тамағындағы тесіктен дәке алып жатқан сәті түсірілген видео жарияланды. Айтуынша, оған 2023 жылы ота жасалғанымен, денсаулығы жақсармаған. Сол себепті ол бірнеше медициналық мекемеге, соның ішінде жеке клиникаларға да жүгінген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2023–2024 жылдары науқасқа операциялар жасалған. 2024 жылы 12 қаңтардағы видеоға байланысты тексеріс жүргізіліп, жара ішінде дәке тығыны бары анықталған. Ақтөбе медициналық орталығында жоспардан тыс бақылау өтті. Ал науқас бұл тығынды өз үйінде өзі алып тастаған, бірақ медицинада мұндай әрекетке жол берілмейтіні атап өтілді.

Сараптама нәтижесі бойынша, алынған дәке операция кезінде қолданылған материалға жатпайтыны белгілі болды.

Басқарманың түсіндіруінше, науқас әртүрлі медициналық ұйымдарда, соның ішінде стационарларда, емханаларда және жеке клиникаларда ем алған. Сондықтан алынған дәкенің операциялық материал екені дәлелденбеді. Себебі хирургиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес, операция алдында және кейін қолданылатын барлық материалдар қатаң есепке алынады.

"Науқас әртүрлі медициналық ұйымдарда, соның ішінде стационар, емхана және жеке клиникаларда емделген. Ол алып тастаған дәке тығынның операциялық материал екені расталмады, өйткені хирургиялық қауіпсіздік қағидалары бойынша операция алдында және кейін жұмсақ және қатты материалдар қолданылады", – деп түсіндірді басқарма.

Бұл жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Полиция мен прокуратураның 2026 жылы 23 ақпандағы шешіміне сәйкес, медициналық қызмет көрсету барысында ешқандай заңбұзушылық анықталмаған. Сондай-ақ сараптама комиссиясы науқастың денсаулығына зиян келмегенін растаған. Осыған байланысты қылмыстық іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тиісті бабына сәйкес тоқтатылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0