Дәрігерлер уақытша бекіту аппаратын орнату бойынша операция жасаған.
Зардап шеккен әйел бірнеше жерінен жарақат алған: аяқтары, жамбасы, қабырғалары сынған, сондай-ақ бас миы шайқалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Павлодар қалалық №1 ауруханасының мәліметінше, науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Әйел есін біледі және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер уақытша бекіту аппаратын орнату бойынша операция жасаған.
"Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті.