Жиналған дәлелдер негізінде іс сот қарауына жолданды.
27 қаңтар күні сарбаз Е. Рустемұлының қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тергеу барысында Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлім ротасының командирі өз қызметіне немқұрайлы қарағаны анықталған. Атап айтқанда, ол жеке құрамның қызметін ұйымдастыру мен қару қолдану тәртібін тиісті деңгейде қадағаламаған. Сонымен қатар марқұм сарбаздың әріптестеріне қатысты қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері де тіркелген.
Жиналған дәлелдер негізінде іс сот қарауына жолданды.
Айта кетейік, сарбаздың өліміне қатысты басқа да мән-жайларды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Қылмыстық істің барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаздың қаза тапқаны хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол қарумен жұмыс істеу кезінде ауыр жарақат алған. Осы дерек бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған. Тергеу тобы құрылып, іс Бас прокурордың жеке бақылауына алынған.