$ 472.31  543.72  5.86

Жаңбыр, бұршақ, тұман: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.  

Фото: unsplash
Фото: unsplash

Қазақстанның 15 облысында 4 сәуірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.  

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда 4 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Атырауда 4 сәуірде түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. 

Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде 4 сәуірде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.

Түнде Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 4 сәуірде түнде және таңертең найзағай ойнап, дауыл тұрады, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында сақталады. Шымкентте 4 сәуірде таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 4 сәуірде түнде және таңертең найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. 4 сәуірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 4 сәуірде түнде және таңертең тұман түсіп, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, облыстың таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында, солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Таразда 4 сәуірде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Өскеменде 4 сәуірге түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Қостанай облысында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал облыстың шығысында тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда 4 сәуірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде және таңертең Аягөз ауданындағы екпіні 15-18 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оралда 4 сәуірде күндіз найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 4 сәуірде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15 м/с қамтиды.

Астанада 4 сәуірде күннің соңында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз шаңды дауыл тұрады деп болжанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0