$ 470.46  543.1  5.86

Канал қазды да, жолды батпаққа тастап кетті: Қарағандыда тұрғындар лай кешіп жүр

Қазір көше тұтас батпаққа айналған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қарағандыда бір көшенің жағдайы тұрғындарды әбден әбігерге салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жер қазу жұмыстары аяқталғанымен, жол бұрынғы қалпына келтірілмеген. Қазір көше тұтас батпаққа айналған.

Жаяу жүру мүмкін емес, адамдар лай кешіп жүр. Көліктер батпаққа батып, қозғалыс қиындаған.

Әсіресе балалар мен қарттарға бұл үлкен қиындық туғызып отыр. Тұрғындардың айтуынша, өткен жылы су құбыры тартылған кезде жол толық қазылған.

Алайда жұмыстар біткен соң, жабынды сол күйі қалпына келтірілмеген. Көктемгі еріген қар жағдайды одан сайын ушықтырған.

Жергілікті биліктен мәселені шешіп, жолды қалпына келтіруді талап етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0