Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында.
Ақмола облысында апатты-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Қорғалжын ауданында "Шоптыкөл" бөгетінің бұзылғаны белгілі болды.
Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.
Жалпы саны шамамен 170 адам және 43 бірлік техника тартылған.
Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында.