Желі қолданушылары полиция жұмысына бақылауды күшейтуді талап етіп отыр.
Қарағандыда полиция қызметкерлерінің жұмыс кезінде телефонға үңілген сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кадрда форма киген екі қызметкердің отырып алып, смартфонға кіріп кеткені анық көрінеді. Бірі тіпті ойын ойнап отырғандай әсер қалдырады. Бұл видео әлеуметтік желіде тез тарап, жұрттың ашуын туғызды. Көпшілік “қоғамдық тәртіпті сонда кім қадағалайды?” деп наразылық білдіруде.
Автор олардың әрекетін “кішкентай балалар сияқты” деп сипаттаған. Айтылғандай, бұл жағдай қызмет уақытында болған.
Мұндай көрініс тәртіп пен жауапкершілік мәселесін қайта көтерді.
Құзырлы органдар әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Желі қолданушылары полиция жұмысына бақылауды күшейтуді талап етіп отыр.