$ 470.46  543.1  5.86

Қарағандыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Қарағанды облысында вахталық автобус қатысқан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жағдайы нақтыланды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қазіргі уақытта стационарда санаулы ғана адам қалып, олардың жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облысында вахталық автобус қатысқан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жағдайы нақтыланды.

— 44 пациент тексеруден кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді. Жеті адам стационарда қалып отыр, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, — деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы Қарқаралы ауданында, Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде болған. Ішінде 50 жұмысшысы бар вахталық автобус аударылып кеткен. 

Оқиға салдарын жоюға құтқарушылар, медицина қызметкерлері және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Зардап шеккендердің бір бөлігі Қарағанды қаласының медициналық мекемелеріне, сондай-ақ Ботақара кентіндегі ауруханаға жеткізілді. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0