$ 466.33  538.47  5.9

Ақмола облысын су басты: «қауіп жоқ» деген әкімдікке халық сенбей отыр

Жұмысқа бару, азық-түлік алу, дәрі-дәрмек жеткізу қиындаған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақмола облысындағы Старый Колутон ауылын су басты. Өзен деңгейі көтеріліп, елді мекенге кіретін жолды су шайып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Салдарынан тұрғындар ауылдан шыға алмай, іс жүзінде оқшауланып қалған. Жұмысқа бару, азық-түлік алу, дәрі-дәрмек жеткізу қиындаған.

Ауылда ұйымдастырылған өткел де, қалыпты жол да жоқ.Тұрғындар жағдайдың күннен-күнге ушығып жатқанын айтып дабыл қағуда.

Ал ресми органдар «қауіп жоқ, эвакуация қажет емес» деп отыр. Олар тіпті жолды әдейі бұзғандарын, судың өтуі үшін шешім қабылданғанын мәлімдеген.

Бірақ видео мен тұрғындардың сөзі бұл мәлімдемеге қайшы келіп тұр. Халық нақты көмек сұрап отыр, ал жауап әлі мардымсыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0