$ 466.33  538.47  5.9

Көмір қымбаттай ма: министрлік не дейді?

Министрлік баға өсімі бақылауда болатынын атап өтті. 

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет

Қазақстанда көмір бағасы біртіндеп өсуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жақын уақытта көмір бағасы көтерілмейді. Алдағы қыста да баға өзгеріссіз қалады. Себебі көмір тұтыну көлемі біртіндеп ғана өседі деп жоспарланып отыр.

Алайда болашақта бағаның өсуі мүмкін екені айтылды. Бұл – өндірісті жаңғырту мен көмір өндіру көлемін арттыруға байланысты. Яғни, қосымша шығын мен инвестиция қажет болады.

Министрлік баға өсімі бақылауда болатынын атап өтті. Көмір бірден емес, кезең-кезеңімен қымбаттайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#көмір #баға