$ 466.33  538.47  5.9

Шерзат Полаттың өлімі: Сотталған екі адам өзін ақтауды сұрады (ВИДЕО)

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев айтты. 

Фото: smartnews.kz
Фото: smartnews.kz

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болат ісі бойынша сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет кассациялық сотқа жүгініп, өздерін ақтауды сұраған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев айтты. 

Мейірман Шекеевтің өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлауынша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет үкіммен келіспей, кассациялық шағым түсірген. Екеуі де ақтауды сұрап отыр.

“Бұл кассациялық шағымды қазір ғана алуға мүмкіндік туды. Ал сот ертеңге тағайындалған екен. Сондықтан құрметті достар, бізді қолдап отырыңыздар. Атап айтқанда, 15 жылға сотталған Тоқтаубаев Азамат, 7 жылға сотталған Дидар Қалиахмет ақтауды сұрап отыр. Бізді қолдап кетіңіздер, әділдік әрдайым биікте болсын!” – деді ол.

Істі қарау бүгін, 7 сәуірге белгіленген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0