$ 466.33  538.47  5.9

Таразда жылқыға мінген 7 жастағы баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Оқыс оқиға қала көшелерінің бірінде тіркелді. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қатты соққыдан жануар сол жерде өлсе, балаға шұғыл ота жасалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің сөзінше, ат бір нәрседен шошыған. 

– Ересектердің баланы бақыламағаны анықталды. Сондықтан, ата-аналар кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілікке тартылды, – деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова. 

Баланың «Тойота» көлігінің артқы жағына соғылғаны анықталды. 

Жануар сол жерде өлген. Ал бас сүйегі сынған және иығы шыққан шабандоз жедел ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер шұғыл ота жасаған. 

Полиция балалардың қауіпсіздігіне жете мән беруді ескертеді. Тиісті деңгейде кәмелетке толмағандардың жағдайын қамтамасыз етпегені үшін арнайы жаза барын да назарға салды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0