Оқиға орнында жедел штаб құрылған.
Ақтөбе қаласында әкімдік ғимаратында өрт шықты. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Куәгерлер таратқан видеоларда әкімшілік ғимарат маңынан қою түтін мен жалын көрінетіні байқалады.
Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті сөндіруде. Оқиға орнына ТЖД күштері мен техникасы жедел жеткен. Өртті сөндіру үшін бірден су беру желілері іске қосылып, жалынды толық ауыздықтау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Су үздіксіз жеткізілуде.
Сондай-ақ ғимарат ішіндегі адамдарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылған. Қазіргі уақытта 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.