$ 475.31  555.54  6.05

Астанада емхана басшысы 675 млн теңге жымқырған

Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған.

Фото: Ғайсағали Сейтақ / Kazinform
Фото: Ғайсағали Сейтақ / Kazinform

Тексеру барысында медициналық ұйымның бұрынғы жетекші құрамы ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге арналған бюджет қаражатын заңсыз шығару схемасын ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Астана прокуратурасының мәліметінше қаражат жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттарына аударылып, жымқыруды заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемелеген.

Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған.

Қазіргі таңда мемлекетке келтірілген жалпы залал 675 млн теңгеден асты.

Аталған дерек бойынша прокуратура органдары Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық іс шеңберінде елорда прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0