$ 460.37  531.87  5.82

АҚШ пен Иран бітімі: доллар қайта күш алды

Бір тәуліктің ішінде шетел валютасы 12,32 теңгеге өсіп, соңғы уақыттағы ең жоғары динамиканың бірін көрсетті. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 475,31 теңгеге жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бір тәуліктің ішінде шетел валютасы 12,32 теңгеге өсіп, соңғы уақыттағы ең жоғары динамиканың бірін көрсетті. 

Бұл өсім валюта нарығындағы құбылмалылықтың артқанын көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай өзгерістер сыртқы нарықтардағы факторлармен қатар, ішкі сұраныстың күшеюіне де байланысты болуы мүмкін.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында доллар 474,90 теңгеден қабылданып, 481,90 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда валюта бағамы 477,39 теңге мен 480,24 теңге аралығында қалыптасқан.

Нарықтағы жағдайға байланысты алдағы күндері теңге бағамының бағыты сыртқы экономикалық факторлар мен мұнай бағасына тәуелді болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0