Маңғыстаулық әже келін мен ерке адам туралы құнды ой айтып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Ол отбасында барлығы ер адамға емес, келінге тікелей байланысты екенін атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әженің жас келіндерге айтқан пікірі елдің назарын аударған.
«Келінің жақсы болса, балаң қандай болса да, келінің сүйреп шығады. Бірақ келінің жаман болса, балаң әулие болса да, одан түк шықпайды. Сен бір жерден келе жатсаң, қатының жақсы болса, жүр, үйге шай іш деп айта аласың.
Ал, жаман болса айта алмайсың. Жарайды, ол үйге келіп ыдысты жуар, бірақ келген қонақты жақтырмаса, ол саған шай бере ме? Бермейді ғой?! Әңгіме әйелде, балаң жақсы болса да, келін жақсы болсын. Келін деген ол, ағайынды ағайын қылатын да, араластыратын да, құртатын да сол адам.
Келгеннен кейін анау үй деп кетті, мынау бүй деп кетті десең, еркек адам бір күн нанбайды. Арғы күні нанбайды, түбінде сенеді бәрібір», — деді ол.