$ 474.08  558.28  6.26

Атырау қалалық полиция басшысы қамауға алынды

Алдағы күндері тергеу соты оған бұлтартпау шарасын анықтайды.

Фото: Gov.kz
Фото: Gov.kz

Атырау қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Басылымның мәліметінше, Бақтыбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Алдағы күндері тергеу соты оған бұлтартпау шарасын анықтайды.

Сонымен қатар облыстық есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Әлішер Нұршаев пен полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Саламат Қалиевке қатысты да бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0