$ 474.08  558.28  6.26

Қазақстандық актер көңілдесімен киноға барамын деп әйелінен таяқ жеді (ВИДЕО)

Күйеуі болса не істерін білмей, әйелін тыныштандыруға тырысқан. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Еліміздегі кинотеатрлардың бірінде келеңсіз оқиға тіркелді. Бөтен қызбен фильм тамашалауға барған актер Бокунов Алишер әйеліне ұсталып қалған, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Аталмыш видео желіде кеңінен тарап, қызу талқыға түсті. 

"Сен мұнда не істеп жүрсің? Жұмыстамын деп едің ғой! Мен сенің әйеліңмен. Жұмыстас қызбен киноға осылай гүл ұстап келесің бе? Адамдар қараса қарай берсін. Мен сенен 5 жыл гүл алмадым", - деді келіншек ашуға булығып. 

Күйеуі болса не істерін білмей, әйелін тыныштандыруға тырысқан. 

"Біз бір қыз таба алмай жүрсек, бұлар екі қызбен ойнап жүр", "Қандай ауыр сезім", "Сорлы еркек, сол гүлді әйеліңе берсең бақытты боласың ғой", "Қыздар жарады", "Екеуін қосып бірге ұру керек еді", - деп желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. 

Алайда аталмыш видеоның пранк әрі жақында шығатын киноға жарнама екенін жазып жатқандар да бар. Актердің өзі ресми түсініктеме берген жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0