$ 469.52  553.75  6.15

Астанадағы өрт: Қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Қазір ол жетінші күн қатарынан жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астанада болған жойқын өрттен тірі қалғанымен, үш баласынан айырылған әйел есін жиды. Алайда дәрігерлер оның жағдайы әлі де ауыр екенін айтып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазір ол жетінші күн қатарынан жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Дәрігер-травматолог Марат Сабиров науқастың жағдайының ауыр болуын күйік жарақаттары, тыныс алу жолдарының зақымдануы және ағзаның улануымен түсіндірді.

«Пациент есін жиды. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта тыныс алуы жасанды желдету аппараты арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Жүрек соғысы мен қан қысымы тұрақты», – деді маман.

Қазіргі таңда зардап шеккен әйел елордадағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның психологиялық жағдайына қатысты нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0