Олардың достығына қызыққан да, алып қашпа әңгіме таратқан да көп болған. С
Марқұм Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың үндестігі әдебиетте "Қос бәйтерек достығы" атауымен қалды. Sn.kz ақпарат порталы Мұхтар Шахановтың қазасына қатысты қазақ еліне көңіл айта отырып, қазақ ақыны мен қырғыз жазушысының достығы туралы материал ұсынады.
1968 жылы Мәскеуде жас ақындардың жиыны өтіп, сонда қырғыз ақыны Жолон Мамытов Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовты таныстырады. Осы күннен бастап екеуінің достығы үзілмеген, сызат түспеген көрінеді. Ақын мен жазушы бірігіп, "Ғасыр айрығындағы сырласу. Құз басындағы аңшының зары" атты кітап, "Сократты еске алу түні" атты пьеса жазады. Бұл туындылар әлемнің 12-13 тіліне аударылған.
"Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың бірлесіп жазған, түрік тіліне аударылған "Құз басындағы аңшының зары" (Ғасыр айрығындағы сырласу) атты кітабы бүкіл түрік рухының тереңдігін тануға, оның пайымды парасатын саралауға зор әсер етті. Екі алып тудырған шығармаға үлкен құрметпен қараймын!", - деген екен болгар ғалымы Юруслан Болат шығармаға баға беріп.
"Егер маған ғарышқа көтерілу бақыты қайта қонса, Шыңғыс Айматов пен Мұхтар Шахановтың шығармаларын өзіммен бірге алып ұшар едім", - деген екен моңғол халқының тұңғыш ұшқышы Жугдэрдэмийн Гуррагча.
Осы шығарманың арқасында қос азаматтың достығы әлемдік деңгейге көтерілді. Олардың достығына қызыққан да, алып қашпа әңгіме таратқан да көп болған. Соның себебі болса керек, Мұхтар Шаханов өлеңдерінде достық тақырыбын көп қозғайды. Бір жағынан, өмірінде Евгений Евтушенко, Расул Ғамзатовпен жақын дос болған адам.
"Екі халық достассын,
Қазақ пенен қырғыздай.
Екі жігіт достассын,
Мұхтар менен Шыңғыстай", – деген сөз қалған.