$ 469.52  553.75  6.15

«Өлгеннен кейін жақсы бағамды берер...»: Мұхтар Шахановтың халқы жайлы айтқан сөзі тарады (ВИДЕО)

"Мен осы елде туылдым, осы елде өлемін". 

Фото: instagram.com/aigerim.abzhan
Фото: instagram.com/aigerim.abzhan

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов Аман Тасығанға берген сұхбатында, елден кету жайлы өз ойын білдірген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол ақыннан "Кейде осы елден безіп кеткіңіз келетін, кетіп қалғыңыз келетін сәттер бола ма?" деп сұрады.

"Мен осы елде туылдым, осы елде өлемін. Кетіп қалуыма әбден болатын еді. Менің басқа елдерде тіпті абыройым жоғары. Ал өз елімізде шындықты айтқанымыз үшін ұнамай қаламыз", - деді ол.

Бұған қоса Шаханов "Елден лайықты баға ала алдыңыз ба?" деген сұраққа жауап берді. 

"Енді өлгеннен кейін жақсы сыйлайды ғой. Өлгеннен кейін жақсы баға беретін шығар деп ойлаймын. Кезінде маған "Халық Қаһарманы атағын берген. Мен алмай қойдым. Бізде түрмедегі кез-келген ұрының кем дегенде 2-3 ордені мен медальі бар. Солардың қатарында жүргім келмейді деп алмай қойдым", - деді Мұхтар Шаханов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0