$ 464.73  546.57  6.19

Екпінді жел, нөсер жауын: Бүгін ел аумағында күн райы қалай құбылады

Бұл күні найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Фото: unsplash
Фото: unsplash

2026 жылғы 23 сәуір, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен қалыптасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, бұл күні найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"Елдің солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстігінде нөсер жаңбыр болжанады", – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Сонымен қатар, кейбір өңірлерде жел күшейеді. Республика аумағында желдің екпіні артып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл мен екпінді жел соғуы мүмкін.

Батыс, солтүстік және оңтүстік таулы аймақтарда тұман түсуі ықтимал.

Сондай-ақ мамандардың болжамынша, түнде Ақтөбе облысының шығысында, Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде -2…-3°C дейін үсік жүреді.

Кейбір өңірлерде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады:

  • Жоғары өрт қаупі: Жамбыл облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Түркістан облысының батысында және Абай облысының орталығында.
  • Өте жоғары өрт қаупі: Жетісу облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының шеткі батысында.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0