$ 464.73  546.57  6.19

Көкшетаудың жолдары опырылып жатыр

Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың тереңдігі сонша – көлік түссе, шығу қиын.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Көкшетаудағы «Юбилейный» шағын ауданында жол ортасы опырылып, тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың тереңдігі сонша – көлік түссе, шығу қиын.

Бұл жерден күн сайын адамдар да, балалар да өтеді, қауіп тек жүргізушілерге емес, жаяу жүргіншілерге де төніп тұр.

Видеода асфальттың шөгіп, әбден бүлінгені анық көрінеді.

Мұндай жағдай жол сапасының сын көтермейтінін тағы көрсетті.

Жергілікті жұрт «бұл бүгін пайда болған жоқ» дейді – мәселе бұрыннан бар. Алайда жауаптылардан нақты әрекет әлі байқалмайды.

Қарапайым халық үшін бұл – жай шұңқыр емес, күнделікті қауіп. Егер дер кезінде жөнделмесе, ертең бұл жер үлкен апаттың ошағына айналуы мүмкін.

Тұрғындар биліктен нақты шешім күтеді – сөз емес, іс керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0