25.04.2026, 07:30

Бүгін елімізде ауа райы күрт құбылады

Фото: Pixabay

Метеорологтардың айтуынша, алдағы күндері ел аумағында ауа райының күрт өзгеруі байқалып, күн жылуы мен найзағайлы жаңбыр алмасып отырады.

Қазгидромет мамандарының болжамына сәйкес, 2026 жылғы 25–27 сәуір аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады: аптап ыстық пен жаңбыр, найзағай қатар жүреді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Астана

25 сәуірде күндіз ауа температурасы +24…+26°С-қа дейін көтеріледі, кешке қарай жаңбыр жауады.

26 сәуірде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі, ауа температурасы +13…+15°С-қа дейін төмендейді.

27 сәуірде жауын-шашынсыз, салқындау ауа райы сақталады.

Алматы

25 сәуірде жауын-шашынсыз, ауа температурасы +22…+24°С болады.

26–27 сәуірде жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз +18…+26°С аралығында өзгереді.

Шымкент

Оңтүстікте ауа райы жылы болады. 26 сәуірде температура +28…+30°С-қа дейін жетеді.

Ал 25 және 27 сәуірде күн ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Метеорологтардың айтуынша, алдағы күндері ел аумағында ауа райының күрт өзгеруі байқалып, күн жылуы мен найзағайлы жаңбыр алмасып отырады.