24.04.2026, 23:30

Түркістан облысында жарысқа бара жатырған балалар қаза тапты

Фото: aiqyn.kz

Полицияның хабарлауынша, «Chevrolet Cobalt» және «КамАЗ» көліктерінің қатысуымен жол апаты тіркелді. 

Қайғылы оқиға 22 сәуір күні Арыс-Шардара автожолында болған, деп хабарлайды , деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Полицияның хабарлауынша, «Chevrolet Cobalt» және «КамАЗ» көліктерінің қатысуымен жол апаты тіркелді. 

– Апат салдарынан жеңіл көліктің үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «Chevrolet Cobalt» жүргізушісі және тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, көлік басқарған жаттықтырушымен бірге кәмелетке толмаған спортшы жасөспірімдер Түркістан қаласына жарысқа бара жатқан.

Алайда кәмелетке толмағандарды тасымалдау бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға, оның ішінде полицияға хабарлама берілмеген.

– Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына байланысты барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді ведомство. Полиция өкілдері тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатынын атап өтті. Сонымен қатар, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейтіні нақтыланды.