25.04.2026, 10:00

Оралда «Таза Қазақстан» акциясының екінші маусымы бастау алды

Фото: Ақорда

Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі. 

Осыған орай облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының қатысуымен Шаған өзенінің жағасында ауқымды ағаш отырғызу шарасы өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Акция барысында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды қадам жасалды.

Аталған іс-шара Мемлекет басшысының қатысуымен тікелей эфирде ұйымдастырылып, ел көлеміндегі игі бастамалардың біріне айналды.

Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі.