25.04.2026, 21:30

Көлсайда туристік автобус таудан құлап кетті

Фото: видеодан скриншот

Оқиға 25 сәуірінде Көлсайдың таулы аймағында болған.

Көлсай көлінде автотұрақта тұрған автокөлік таудан төмен қарай құлап кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 сәуірінде Көлсайдың таулы аймағында болған.

– Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралы тұрақ аймағынан төменге қарай өздігінен домалап кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі полицияға арызданудан бас тартты, ешкімге ешқандай талап-арызы жоқ, – делінген хабарламада.