Тұрғындардың айтуынша, кейде су апталап тартылмай жатады.
Көкшетауда жаңбыр жауса болды, көшелер суға толып, қозғалыс қиындайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Дулатов–Байтұрсынов–Тілеулина көшелерінің қиылысы жыл сайын қайталанатын проблемаға айналған. Бұл жолда жеңіл көліктердің өзі табалдырығына дейін суға кіріп кетеді.
Тұрғындардың айтуынша, кейде су апталап тартылмай жатады. Себебі – бұл аумақта ливневка жүйесі дұрыс жұмыс істемейді немесе мүлде жоқ.
Жолдың кей бөлігінде көтерілген, ал қалғаны үнемі су астында қалады. Жауаптылар жыл сайын «жөндейміз» деп уәде береді, бірақ нәтиже өзгермеген.
Шағым көп, бірақ нақты шешім әлі көрінбейді. Қала орталығының өзі осындай күйде болса, шеткі аудандардың жағдайын елестету қиын. Бұл мәселе қашан шешілетіні әзірге белгісіз.