28.04.2026, 17:00

Қазақстанның бас мүфтиі Мұхтар Шахановтың басына барып зиярат етті

Фото: threads.qazaq.zanger

Бұл туралы ақынның жиен немересі Қайырхан Балғабеков хабарлады. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ақын, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қабіріне барып, зиярат етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ақынның жиен немересі Қайырхан Балғабеков хабарлады. 

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы атам Мұхтар Шахановның рухына Құран бағыштап, арнайы келіп зиярат етті. Алла тағала атамызды өз рақымына алып, жәннатынан орын нәсіп етсін», - деп жазды марқұмның жиен немересі.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Еңбек Ері, ақын, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні дүниеден өткен еді.  Ақынның сүйегі өз аманаты бойынша туған жері Түркістан облысы Отырар ауданына жерленді.

Бұған дейін Алматыдағы Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына ауыстыруға петиция жарияланған еді.