Атырау облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылғы 29 сәуірге дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Атырау облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Ақтөбе облысының орталығында түнде және таңертең тұман. Солтүстігінде -2 градус аяз. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында күндіз жаңбыр, найзағай. Шығысында түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыс бағытта, екпіні 15-20 м/с. Солтүстігінде -3 градус аяз. Орал қаласында күндіз жаңбыр, найзағай, түнде тұман, жел екпіні 20 м/с-қа дейін.
Абай облысында жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-20 м/с. Батысында түнде -2 градус аяз. Орталығында өрт қаупі жоғары.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел солтүстік бағытта, екпіні 15-20 м/с. Шығысында түнде -3 градус үсік жүреді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай. Оңтүстігінде түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыс бағытта, екпіні 15-20 м/с. Батысында өрт қаупі жоғары.
Жетісу облысының шығысында жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-25 м/с. Оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.
Павлодар облысының шығысында түнде -1 градус аяз. Солтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысының солтүстігінде түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Қостанай қаласында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай.
Қарағанды облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15 м/с. Шығысында түнде -1 градус аяз.
Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр, найзағай, шығысында бұршақ. Солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-18 м/с. Ақтау қаласында күндіз жаңбыр, найзағай.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыс бағытта, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының шығысында өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысының солтүстігінде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Шығысында түнде -1 градус аяз.
Астанада түнде жер бетінде -1 градус үсік.