01.05.2026, 14:30

Байқоңырда алғаш рет әлемдегі ең қуатты «Союз-5» зымыраны ұшырылды

Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

«Бәйтерек» жобасы — еліміздің жеке заманауи ұшыру инфрақұрылымын пайдалануға көшуіне мүмкіндік беретін стратегиялық жетістік.

Байқоңыр ғарыш айлағында алғаш рет  «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінен жаңа буындағы «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлемдегі ең қуатты сұйық отынды зымыран қозғалтқышымен жабдықталған жаңа «Союз-5» зымыраны алғаш рет ұшты. Тарихи сәт –  30 сәуірде  Байқоңыр ғарыш айлағындағы №45 ұшыру алаңында жүзеге асты. Бұрын бұл алаң «Зенит» зымыран-тасығыштар тобына арналған болатын.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, «Союз-5/Сұңқар» тасығышының техникалық сипаттамалары төмен жер маңы орбитасына 17 тоннаға дейін пайдалы жүкті шығаруға мүмкіндік береді. Зымыран қуатты әрі тексерілген қозғалтқыштармен жабдықталған.

«Бәйтерек» жобасы — еліміздің жеке заманауи ұшыру инфрақұрылымын пайдалануға көшуіне мүмкіндік беретін стратегиялық жетістік»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Бәйтерек» кешені мен «Союз-5/Сұңқар» зымыраны керосин мен сұйық оттегі сияқты улы емес отынды қолдана отырып, экологиялық таза космонавтиканың болашағын айқындайды. Ғылымды дамыту мен елдің индустриялық әлеуетін нығайту үшін жол ашады.