01.05.2026, 23:30

Иран АҚШ-қа жаңа келісім жобасын Пәкістан арқылы жолдады

Фото: oxu.az

Ұсыныстың мазмұны әзірге жария етілмеген.

Иран АҚШ-пен жүргізіліп жатқан келіссөздер аясында жаңа келісім жобасын осы уақытқа дейін арағайындық жасап келген Пәкістан арқылы жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Анадолыға сілтеп. 

IRNA мәліметінше, Иран 30 сәуір, бейсенбі күні кешке келіссөздердің қорытынды құжаты саналатын мәтінді Пәкістан тарапына табыстаған.

Ұсыныстың мазмұны әзірге жария етілмеген.

Бұған дейін де Тегеран Пәкістан арқылы соғысты тоқтату шарттарын қамтитын ұсынысты америкалық тарапқа жолдаған болатын.

Иранның бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Тегеран соғысты толық тоқтату және Ормуз бұғазын қайта ашу мәселелерін талқылауға дайын екенін білдірген. Алайда ядролық бағдарламаға қатысты тақырыпты тек тұрақты бітім режимі орнағаннан кейін қарастыруды ұсынып отыр.

 

Тегтер: Пәкістан Иран