Ұйымдастырушылар: Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ревматология алқасы.
Алматы қазіргі заманғы ревматологияның негізгі мәселелерін талқылайтын халықаралық алаңға айналды. Мұнда Қазақстан ревматологтарының IX Конгресі және APLAR-QCR Саммиті өтті. Іс-шара әлемнің 15-тен астам елінен (Ұлыбритания, Жапония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, сондай-ақ Еуразия өңірі мен Азия-Тынық мұхиты қауымдастығының елдері) келген жетекші мамандарды, ғалымдарды, клиницистерді және жас зерттеушілерді біріктірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ұйымдастырушылар: Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ревматология алқасы.
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев онлайн-режимде сөйлеген құттықтау сөзінде: «Ревматологиялық қызметті дамыту үшін заманауи пәнаралық тәсілдер, ғылыми әлеуетті біріктіру, инновациялық технологиялар және халықаралық ынтымақтастық қажет. Саммитке жетекші халықаралық сарапшылардың кеңінен қатысуы қазақстандық ревматология мектебіне деген жоғары сенімін және халықаралық кәсіби қауымдастықтың отандық медицина жетістіктерін мойындауын көрсетеді», деп, атап өтті.
Конгресс қатысушылары алдында сөйлеген Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев: «Біздің институт Қазақстанда озық медициналық технологияларды енгізудің бастауында әрдайым тұрды. Біз цифрлық регистрлерді интеграциялау және молекулалық-генетикалық зерттеулерді дамыту бастамаларын қолдаймыз, бұл жүйелік ауруларды емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді.