$ 470.17  547.47  6.42

Артында 2 баласы қалды: Талдықорғанда автобус әйелді қағып өлтірді

Марқұмның екі кішкентай баласы қалғаны белгілі болды.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

15 мамыр күні Талдықорғанда жолаушылар автобусының қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әйел оқиға орнында көз жұмған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Isuzu маркалы автобус жүргізушісі Назарбаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен.

Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Марқұмның екі кішкентай баласы қалғаны белгілі болды.

Полиция департаменті жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автобус арнайы тұраққа қойылып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полицияның мәліметінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Марқұмның туыстары әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарына үндеу жасап, оқиға куәгерлерінен хабарласуды сұрады. Олар тергеуге көмектесуі мүмкін бейнежазбалар, фотосуреттер немесе көлік тіркеуіштеріндегі материалдарды жіберуді өтінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0