$ 470.8  545.99  6.6

Пәкістанда пойыз жарылып, 20 шақты адам көз жұмды

Жарылыстан кейін бірнеше вагон өртеніп, құтқару операциясы басталды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Пәкістанның оңтүстік-батысында діни Ид мерекесіне бара жатқан жолаушылар мінген пойыз жарылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға Чаман Пхатак станциясы маңында болған. Жарылыс салдарынан 16 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар да бар.

Жараланғандар мен қаза тапқандардың денелері азаматтық ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдай қызметтері мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Жарылыс салдарынан теміржол маңында тұрған көліктер де зақымданғаны хабарланды.

Indiatoday басылымының жазуынша, шабуыл үшін жауапкершілікті Белуджистанды азат ету армиясы (BLA) деп аталатын сепаратистік топ өз мойнына алған.

BLA – Пәкістан аумағында әрекет ететін қарулы топ. Олар Белуджистан провинциясын бөліп алып, тәуелсіз мемлекет құруды көздейді. Ұйым Пәкістанда, сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания, Еуроодақ және Қытайда террористік ұйым деп танылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0