$ 470.8  545.99  6.6

«Иманды бол, Бобик»: Шашубайдағы адам сияқты жерленген иттердің бейіті жұртты шулатты

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысы, Шашубай кентінде түсірілген мына бір видео желіні жарды. Ауыл шетінде ит пен мысыққа арналған кәдімгідей зират пайда болған. Төрт аяқты серіктеріне мәрмәрдан құлыптас қойып, атын жазып, суретін қашап салған. Тіпті айналасын темір шарбақпен қоршап тастапты.

Бұл көрініс қазақ қоғамының ашу-ызасын туғызып, үлкен дауға ұласты. Желі қолданушылары екіге бөлініп, қызылкеңірдек болып жатыр. Бірі бұл әрекетті жануарға деген ерекше мейірім десе, екіншілері мұны таза масқаралық пен ысырап деп есептейді. Итке адам құсатып зират тұрғызуды ұлтымыздың діні мен дәстүріне мүлдем жат қылық көретіндер көп. Оның үстіне, құлыптасқа қазақтың «Иманды болсын» деген сөзін теліп қойғандарға жұрт қатты ренжулі. Қалай десек те, Шашубайдағы бұл жағдай қазір ел арасында ең көп талқыланып жатқан басты тақырыпқа айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2