Қайғылы оқиға 4 маусымда болған.
Өскемен қаласында сауда үйінің маңынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қайғылы оқиға 4 маусымда болған.
Облыстық полиция мәліметінше, жедел жәрдем бригадасынан белгісіз әйелдің мәйіті туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына қалалық полиция бөлімінің тергеу тобы жіберілді.
"Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", дейді полициядағылар.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.
Әйелдің нақты көз жұму себебі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ.