$ 484.78  558.66  6.6

Өзбекстанда газ құю бекетіндегі жарылыстан 6 адам қаза тапты

Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.  

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Өзбекстанның Қашқадария облысы Қаршы ауданында тұрмыстық газ баллондарын толтыру станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

8 маусым күні болған жарылыс пен одан кейінгі өрт салдарынан алты адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Өрт шамамен бір сағат ішінде толық сөндірілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде төрт көлік пен жер астындағы екі жанармай резервуары зақымданған.

Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себептері анықталуда. Оқиғаға байланысты Өзбекстан үкіметі арнайы комиссия құрды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0