Министр бұл жағдайды табиғи құбылысқа балап отыр.
Журналистер Экология министрі Ерлан Нысанбаевқа «Киіктер неге өліп жатыр?» деген тікелей сұрақ қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Министр бұл жағдайды табиғи құбылысқа балап отыр. Оның уәжінше, киіктердің ғұмыры өте қысқа — небәрі 4-5 жыл.
«Ғалымдардың айтуынша, олардың жыл сайынғы өлімі — табиғи процесс. Шамамен 10%-ы шығын болады. Ал күйек кезеңінен кейін қатты әлсірейтін еркек киіктердің 50%-ға дейіні қырылып қалады», — деді Нысанбаев.
Алайда, тәуелсіз сарапшылар мен экологтардың пікірі министрдің бұл мәлімдемесімен мүлдем жанаспайды.