$ 490.21  566.93  6.81

Атыраудағы сот: Ақбаян Мұқанғалиева Қазақстанға қашан келгенін білмеген

Тергеу кезінде ол кейбір маңызды сұрақтарға нақты жауап бере алмаған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Атырау облысында төрт адамның қаза табуына байланысты резонансты іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сотта жаңа бейнежазбалар көрсетілген.Бейнежазбалардың бірінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиевтің  жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева тергеушілердің сұрақтарына жауап береді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тергеу кезінде ол кейбір маңызды сұрақтарға нақты жауап бере алмаған. Ол ата-анасының Жангелдин ауылында тұрғанын, оқиғаға дейін ағасы Наурызбен сөйлескенін айтқан. Сондай-ақ туған жері Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылы екенін және соңғы уақытта Мұнайшы ықшамауданында тұрғанын айтады. Алайда,әйел кейбір маңызды сұрақтарға нақты жауап бере алмаған. Атап айтқанда, өзінің нақты мекенжайын, Қазақстанға қай уақытта оралғанын және тергеу әрекеттерінің жүргізілген күнін есіне түсіре алмаған.

Тергеуші Ақбаян Мұқанғалиеваның психоневрологиялық диспансердің ақпараттық жүйесінде есепте тұрғаны анықталғанын мәлімдейді. Осыған байланысты тергеу әрекеттерін жалғастыруда  мүмкін болмағанын жеткізеді.

Сонымен қатар сот отырысында Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева тұрған Мұнайшы ықшамауданындағы жалдамалы үй аумағында жүргізілген тергеу әрекеттерінің видеосы да ұсынылды. Тергеушілер теміржол бойындағы қамыс арасынан ер адамның киімдерін тапқан.

Бұдан бөлек, қан дақтарына ұқсас іздері бар кілем, неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері және медициналық құжаттар салынған сөмке тәркіленген.

Еске салайық, Жангелдин ауылында болған қайғылы оқиға бойынша Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деген айыппен сот алдында жауап беріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Атырау #сот